Қош келдіңіздер!

Айнала қоршаған көркем, мөлдір табиғат, аяқ асты жұмсақ соқпақ жол, көкірегіңді кернеген таза орман ауасы, міне, бұларсыз спорттық радиопеленгацияны көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Спорттық радиопеленгация – белсенді дене қимылы мен қатар білімділікті және ұтқыр ой қозғалысын қажет ететін қызықты да интелектуальді спорт түрі.

Спорттық радиопеленгациядағы ойын талабы бойынша карта, компас және радиоқабылдағыш пеленгаторды пайдалану арқылы орман ішінде әр жерге орналастырылған радиотолқын таратқыштардың тұрған жерін қысқа мерзім ішінде іздеп табу қажет.  Халық арасында бұл спорт түрі орыс тілінде «Охота на лис» деп аталатын. Мұнда нағыз аңшылық кезіндегі сияқты, жүрек лүпілі мен аңшылық романтика қатар жүреді.

Бұл жерде «Түлкі» – радиотолқын таратқыш. Ол эфирге таратқан сигналды спортшы радиопеленгатордың көмегі арқылы естіп,радиотолқын таратқышты табуы керек. Алайда, радиосигналдың ізіне түсу оңай емес  . . . .

Спорттық радиопеленгация – тек, жай ғана спорт емес. Ол шулы қала өмірінен кейін бір мезгіл табиғатқа жақындап, демалу. Жарқын әсер, жаңа достар іздеп, бүкіл әлемге саяхаттау.

Comments are closed.